Máńgilik El Daýysy: Елордада студенттер арасындағы байқау басталды

Máńgilik El Daýysy: Елордада студенттер арасындағы байқау басталды
Фото: tengrinews.kz

Máńgilik El Daýysy музыка жобасының ұйымдастырушылары тағы бір байқау жариялады. Бұл жолы билеттерді астаналық университеттердің студенттері ұтып ала алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 қарашада Нұр-Сұлтанда сағат 19:00-де шоуға өнер жұлдыздары әндерін жанды дауыста орындайды. Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, сондай-ақ тыңдармандардың әртістермен бірге ән айтуға мүмкіндік болады. Хит әндердің мәтіндері көрермендерге ыңғайлы болу үшін LED-экрандарға шығарылады.


"Máńgilik El Daýysy концертіне Нұр-Сұлтан университеттерінің студенттері билет ұтып алатынын қуана хабарлаймыз. Ол үшін қарапайым шарттарды орындау керек. Қатысыңыздар, біздің шоуға келіп, бүкіл елмен ән шырқаңыздар", - дейді шоудың режиссері Марина Ожерельева.

Шоуға билет ұтып алу үшін:

1. Өзіңізге ұнайтын қазақша әнді орындап, видеоға түсіру;

2. Видеоны университетің Instagram-парақшасына #BirgeAnSal хэштегімен жариялау;

3. Байқау нәтижесін күту.

Жеңімпаздар 2019 жылдың 4 қарашасында белгілі болады.

"Ең көп лайк жинаған видео жеңімпаз атанады. Сол университет шоуға билет ұтып алады. Сондай-ақ концертте өнер көрсететін барлық жұлдыздың қолтаңбасы бар сертификат беріледі", - деді Марина Ожерельева. 

"Máńgilik El Daýysy – әртүрлі жастағы тыңдармандардың басын қосатын шоу. Ол тек жастарға ғана емес, сонымен қатар жасы үлкен адамдарға да қызықты болады. Себебі концертте қазақтың халық әндері де шырқалатын болады", - дейді режиссер.  Еске салайық, концерт қонақтары – Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және Орда тобы.  Жоба ұйымдастырушысы – Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау – Alash Media Group холдингі.

Máńgilik El Daýysy концертіне тағы қалай билет ұтып алуға болады?

Билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Massaget