Шетелдік ғалымдар қазақ журналистеріне дәріс береді

28 қыркүйек – Халықаралық ақпаратқа қолжетімділік күні. Осыған орай, Алматы қаласында жаһандық медиа саласының үздіктерінің қатысуымен І ортаазиялық журналистика семинары өтеді. Шара 27 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Ақпараттық бюросының конференц-залында болады. 

БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросымен және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған  семинарға Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Тәжікстан, Қазақстан университеттері журналистика кафедрасының профессорлары, студенттері, магистранттары мен докторанттары және отандық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Бұл Халықаралық күн ақпараттың қоғамға қолжетімділігі мен еркіндікті қорғауды талап ететін 2030 тұрақты даму тәртібін жүзеге асыруда ерекше маңызға ие. Іс-шараның мақсаты - Орталық Азиядағы тұрақты даму саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ақпаратқа қол жетімділіктің маңыздылығына назар аудару.

Сондай-ақ, шараға аустралиялық ғалым, Сидней университетінің БАҚ және коммуникациялар департаментінің қызметкері  Беате Джозефи арнайы шақырылған. Ол болашақ журналистердің алдында дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөліспек.