Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: nur.kz

Синоптиктер 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағында нағыз күзгі ауа райы күтіледі.

Республикада циклон және атмосфералық фронттармен күзгі ауа райы келді. Солтүстікте жауын-шашын мол болады, ауа температурасы орташа есеппен 10-нан 20 градусқа дейін нөлден жоғары болады. Республиканың оңтүстік бөлігінде 18-25 градус жылы болады деген болжам бар. Мұндай температура мен жаңбыр Қазақстанда алдағы үш күн жалғасуы мүмкін. Тек батыс өңірлерде жауын-шашын тоқтап, температура көтеріледі.

7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оның екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавл қаласында 7 қыркүйекте найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

6-7 қыркүйек аралығында Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстіктен жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. 7 қыркүйекте Қостанайда күндіз солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 18 метр болуы мүмкін.

Н. Үсенова