Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып қайта сайланды

Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып қайта сайланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында Сенат төрағасы кандидатурасына Дариға Назарбаеваны ұсынды.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының ұсынысын оқып берді.

"ҚР Парламенті Сенатының төрағасын сайлау туралы ҚР Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сәйкес, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрағасы қызметіне сайлауды ұсынамын", - деп оқыды Көшербаев.

Ұсынысты тыңдаған депутаттар құпия дауыс беріп, президент ұсынған кандидатураны сайлады.

Жасырын дауыс беру рәсіміне 10 минут берілді. Осы уақыт ішінде 48 сенатор бюллетеньмен жабық түрде дауыс берді. Санақ комиссиясының қорытындысы бойынша, 48 сенатор Дариға Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ Асқар Шәкіров Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.

Massaget