Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Ер адам 4-қабаттан құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды

Ер адам 4-қабаттан құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды

Ер адам 4-қабаттан құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды

Петропавлда ер адам төртінші қабаттан құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің айтуынша, Шухов көшесіндегі үйде екі жастағы бала терезеден құлап кете жаздаған.

"Бала бесқабатты үйдің 4-қабатындағы терезеден құлап кете жаздады. Баланы құтқарып қалған 46 жастағы Дмитрий Зайцев нағыз ерлік танытты, ол пәтерге балконнан кіріп, баланы тезеренің алдынан көтеріп алған. Дмитрий Зайцев ойланатын уақыт болмағанын айтады. Подъезде айғай естіген ол аулада жүрген адамдар ашық терезеден кішкентай баланы көріп, пәтерді іздеп жатқанын біледі. Адамдардың неге осынша алаңдап жүгіріп жатқанын білген тұрғын баланы құтқаруға тұра ұмтылған. Ол бесінші қабаттың балконынан төменгі пәтердің балконына секіріп түскен. Бөлмеге кіріп, терезе алдындағы тақтайда тұрған баланы тауып алған", - дейді полициядағылар.

Белгілі болғандай, балаға қарап отырған әйел түнгі кезекшіліктен кейін ұйықтап кеткен, ал баланың анасы сол уақытта жұмыста болған. Қазір бала анасына табысталды.

Баланың өмірін құтқарып қалғаны үшін Петропавл полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Жандос Мұхатов ер адамды марапаттамақ. "Мұндай деректер арамызда батырлар бар екенін көрсетеді, олар үшін адамзат борышы жәй ғана сөз емес", - деді қалалық полиция басшысы.

"Батырлар арамызда" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Қазақстанның дарынды балалары", "Жеңімпаздар" арнайы жобалары қолға алынған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 19 шілде, 12:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.