Шымкентте  домбыраға 7 метрлік ескерткіш орнатылды

Шымкентте домбыраға 7 метрлік ескерткіш орнатылды

Шымкент қаласында "Ұлттық домбыра" күніне орай салтанатты шара өтті. Қазақтың қасиетті аспабы құрметіне орнатылған ескерткіш ашылды.

Ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен көмкерілген ескерткіштің биіктігі 7 метрді құрайды. Домбыра Түркістан сарайының алдына орнатылған.

Ашылу салтанатына шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов, сондай-ақ қала тұрғындары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер мектебінің ұстаздары мен шәкірттері қатысты. Халық әндері және қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды.

– Бәріміз үшін қуанышты күн. Домбыра аспап қана емес, қазақтың жаны, философиясы деуге болады. Домбыраның үнінен-ақ көп жайтты түсінеміз. Бұл құндылық қала тұрғындарына, жас ұрпаққа серпін береді деп ойлаймын.

Ескерткішті орнатуға қолдау көрсеткен қала мәслихатының депутаттарына, меценат азаматтарға өз алғысымды айтамын, - деді қала әкімі құттықтау сөзінде.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту мақсатында шілденің бірінші жексенбісін "Домбыра күні" деп   белгілеп,  2018 жылы  13 маусым күні жарлыққа қол қойған болатын. Биыл айрықша атаулы күн 7 шілдеге тура келген. 




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN