Мемлекет басшысы Арыстағы жарылысқа қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Арыстағы жарылысқа қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Фото: Sputniknews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

- Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деп жазды Президент. 

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қазіргі таңда қаланы эвакуациялау жұмыстары басталған. 

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Ө. Сансызбай