Қазақстанда жаңа екі министрлік пайда болды

Қазақстанда жаңа екі министрлік пайда болды

Қазақстанда екі жаңа министрлік құрылып, Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтті. Депутаттар Сауда және интеграция министрі лауазымына Бақыт Сұлтановты тағайындады. Сондай-ақ экология және табиғатты пайдалану комитетінің отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне Мағзұм Мырзағалиев кандидатурасы мақұлданды.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Бақыт Сұлтановты премьер-министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, оның мол тәжірибесі мен қажетті басқару қабілеттеріне ие екенін атап өтті.

Талқылаулардан кейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылған Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасы мақұлданып, комитеттің қорытындысы қабылданды. 

Мағзұм Мырзағалиевті де Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Мәжіліс комитетінің мүшелері кандидатқа бірқатар сұрақтар қойды. Талқылаудан кейін қорытынды қабылданып, онда "премьер-министр ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтің кандидатурасын комитет экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсыну мүмкін деп санайды" делінген. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін