Алматыда күнде жауын. Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алматыда күнде жауын. Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: vk.com

Синоптиктер 2019 жылдың 15-17 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағаймен жаңбыр және күндізгі ауа температурасы плюс 10-20 градус шамасында күтіледі. Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты", - делінген болжамда.

Сондықтан, мамандардың айтуынша, республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы, найзағаймен жаңбыр күтіледі, бірақ мұнда жылы. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа 25...33 дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және 30...39 градусқа дейін ыстық болады екен.

А. Қажиев