Алматыда электрсамокатты жалға беретін сервис пайда болды

Алматыда электрсамокатты жалға беретін сервис пайда болды
Фото: kolesa.kz

Шілде айында 35 станцияға 300 электрсамокат орнатылмақ. Барлығына бұзуға төзімді антивандал қорғаныш және GPS трекер орнатылмақ. Жыл соңына дейін барлығы 500 самокат орнатылмақ.

Сервистің "Ozim Scooters" атты мобильді қосымшасы болады. Сол арқылы станциялардағы самокаттар санын білуге болады. 

Самокаттың бұғатын қосымша арқылы ашып, өткізер кезде қайта бұғатқа қою керек. Жалға алу құны – минутына 25 теңге, ал бұғаттан шығару үшін 100 теңге төлеу керек. "Android" және "IOS" жүйелеріндегі қосымшада банк картасы арқылы төлем жасауға болады. "ОҢАЙ" картасы арқылы да төлеу жоспарланған. 

Жоспардағы станциялар:

Желтоқсан — Мәметова
Сейфуллин — Мақатаев (Mega Park)
Назарбаев — Мақатаев
Назарбаев — Қабанбай батыр
Назарбаев — Құрманғазы
Жолдасбеков — Достық
Меңдіқұлова — Снегин
Қажымұқан — Назарбаев
Бәйсейітова — Абай
Шевченко — Желтоқсан
Наурызбай батыр  Абай
Сейфуллин — Шевченко
Мұқанов — Қабанбай батыр
Уәлиханов — Абай
Жароков — Қабанбай батыр
Жароков — Абай
Шевченко — Манас
Қарасай батыр — Наурызбай батыр
Пушкин — Мақатаев
Достық — Қазыбек би
Уәлиханов — Қабанбай батыр
Сәтпаев — Достық
Марков — Попов
Есентай Молл
Марков — Ғабдуллин
Тимирязев — Шашкин
Тимирязев — Байзақов
Манас — Бұқар Жырау
Жароков — Бұқар Жырау
Розыбакиев — Қабанбай батыр
Розыбакиев — Төле би
Гагарин — Сәтпаев
Қарасай батыр — Әйтиев
Байтұрсынұлы — Төле би
Масанчи — Сәтпаев

Massaget.kz