Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 9-13 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

- Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді.

Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы +30-38 градусқа дейін жоғарылайды. Кей аймақтарда найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі", - делінген хабарламада. 

Мамандардың айтуынша, оңтүстік және орталық аймақтарда да күн райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклон әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар