Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Ақ орданың ресми сайты.

- Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді.

Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр.

Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!, - деген Президент өз құттықтауында. 

Айта кетейік, бүгін қасиетті Рамазан айының бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітіледі. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - ораза айттың бірінші күні.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Фото: qazaquni.kz
Қосылған күні: 06 мамыр 2019, 09:20
Ұқсас жазбалар:
Тоқаев президент сайлауының ресми кандидаты болып тіркелді Massaget.kz