Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Хан кененің әскерінің ізімен: "Торғайдан Созаққа" атты экспедиция басталды

Хан кененің әскерінің ізімен: "Торғайдан Созаққа" атты экспедиция басталды

Хан кененің әскерінің ізімен:

20 сәуір күні Торғайдан Түркістан облысының Созақ ауданына ерекше экспедиция жолға шықты. Ерекшелігі сол үш адамнан тұратын топ 900 шақырымнан астам жолды 1 аптада еңсермек.

Шараны "Қазақ эпос" компаниясы ұйымдастырып отыр. Басты мақсат – Елбасының "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақалаларын іс жүзінде жүзеге асыру, қазақтың тарихын жаңғырту, атқа міну мәдениетін насихаттау.

Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділерінде" қазақтың соңғы ханы Кенесарының Торғайдан Созаққа жылына бір емес, бірнеше рет барып келетіні туралы айтылады. 800 шақырымнан астам жолды оның әскері 1 аптада жүріп өткен екен.

"Егер хан Кене қазіргі заманда өмір сүрсе, біз оның әскерінің қатарында болуға жарар ма едік, ол 1 аптада еңсерген жолды біз де жеті күн ішінде жүріп өте аламыз ба? Хан мен әскер қандай қиындықтарға тап болды, қай жерлерге тоқтады – осының бәрін өз басымыздан өткізіп, тарихымызды қайта жаңғыртуды мақсат етіп отырмыз", - дейді экспедиция жетекшісі Бақытжан Тұрлыбек.

Сонымен қатар, экспедиция мүшелері қазақта ежелден қалыптасқан атқа міну мәдениетін жандандырып, насихаттауды да көздеп отырмыз дейді. Олай деуі бекер емес, жылқы жануары қазіргі қазақ даласын мекендеген халықтармен тығызбайланысты. Қазақстанның аймақтарында жүргізілген археологиялық қазбалардан көз жеткендей, жылқылар әлемде ең алғаш дәл осы Орта Азияда қолға үйретілген.

Еске салайық, Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының бірінші қыры – атқа міну мәдениетіне бағытталған. Жылқылар көшпенділер тұрмысының ажырамас бір бөлігіне айналып қана қойған жоқ, бұл жануар қолға үйретілгеннен кейін бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.

Кенесары хан өлтіріліп, қазақ даласын Ресей империясы толықтай отарлап алғаннан кейін халқымыз атқа міну мәдениетінен де ақырындап қол үзе бастады. Бұл процесс коммунистер тарих сахнасына шыққанда тіпті жеделдеп, кешегі сексенінші-тоқсаныншы жылдары қазақ атқа мінуден мүлдем қалды деуге де болады.

"Атқа міну мәдениетін жандандырудағы мақсатымыз – қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты оятуға аз болса да үлесімізді қосу, тарихымызды жаңғырту. Қазіргі жастар тек бір бағытта ғана дамымай, бабалардан қалған рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өссе ғана мәңгілік елге айнала аламыз", - дейді Бақытжан Тұрлыбек.

Үш адамнан тұратын экспедиция төрт жылқымен (бір жылқы ас-суды тасымалдау үшін) жолға шықты. Олар 27 сәуір күні Созақ жеріне аяқ басуды көздеп отыр.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 22 сәуір, 12:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.