"Алматы марафоны" кезінде бірқатар көшелер жабылады

"Алматы марафоны" кезінде бірқатар көшелер жабылады
Фото: Алматы марафоны (vk.com)

"Алматы марафонының" ұйымдастыру комитеті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын жарыс өтетін күні жолдардың жабылуы жайлы ескертеді.  

21 сәуірде "Алматы марафоны" жарысының өтуіне байланысты сағат 5.00-ден 14.00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдар қозғалысы жартылай жабылады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Сәтпаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін қозғалыс 20.04.19 күні сағат күндізгі 2.00-ден бастап 21.04.19 күні сағат 17.00-ге дейін тоқтатылады. Барлық қозғалыс толықтай тоқтатылады.

Назарбаев даңғылы бойымен Сәтпаев көшесінен бастап Әл-Фараби дағылына дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады. Барлық қозғалыс толықтай жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап Достық көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 09:30 дейін тоқтатылады. Барлық қозғалыс толықтай жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап Шашкин көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сайын көшесімен қозғалыс Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Абай даңғылынан Сайын көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесінде  Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 14:00 дейін тоқтатылады. Солтүстік бөлігі автокөлік үшін ашық болады.

Шашкин көшесінде Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесі Шашкин көшесінен бастап Байзақов көшесіне дейін, Байзақов көшесі Тимирязев көшесінен бастап Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев көшесі Байзақов көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейін 05:00 бастап 10:35 дейін жабылады. Барлық қозғалыс толықтай жабық болады.

"Алматы марафоны" 2019 кезінде жолдарды жабу кестесі  (20-21.04.2019)

20-21 сәуір

20.04.19 сағат күндізгі12.00 бастап 21.04.19 сағат 17.00 дейін

Сәтпаев көшесі (Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

21-сәуір

05:00 бастап  09:30 дейін

Әл-Фараби даңғылы (Назарбаевтан бастап Достыққа дейін)

05:00 бастап 10:35 дейін

Шашкин көшесі (Әл-Фарабиден бастап Тимирязевқа дейін)

Тимирязев көшесі (Шашкиннен бастап Байзақовқа дейін)

Байзақов көшесі (Тимирязевтен бастап Сәтпаевқа дейін)

Сәтпаев көшесі (Байзақовтан бастап Байтұрсынұлына дейін)

05:00 бастап 12:00 дейін

Назарбаев даңғылы (Сәтпаевтан бастап Әл-Фарабиге дейін)

Әл-Фараби даңғылы (Назарбаевтан бастап Шашкинге дейін)

                  Оңтүстік бөлігі а/т қозғалысы үшін ашық

05:00 бастап 13:30 дейін

 

Әл-Фараби даңғылы (Шашкиннен бастап Сайынға дейін)

                  Оңтүстік бөлігі а/т қозғалысы үшін ашық

Сайын көшесі (Әл-Фарабиден бастап Абайға дейін)

                  Батыс бөлігі а/т қозғалысы үшін ашық

05:00 бастап 14:00 дейін

Абай даңғылы (Сайыннан бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейін)

                  Солтүстік бөлігі а/т қозғалысы үшін ашық

Байтұрсынов көшесі (Абайдан бастап Сәтпаевқа дейін)

Сәтпаев көшесі (Байтұрсынұлы көшесінен бастап Желтоқсанға дейін)


Жолдарда қарбаластың болуына байланысты марафон қатысушыларына сөре орнына (Республика алаңы) Абай даңғылы арқылы метромен немесе Абай даңғылы арқылы автобуспен (қозғалыс солтүстік жағымен) жетуге кеңес береді. Сөре-мәре қалашығы жанында (Республика алаңы) көлікті тұраққа қалдыруда қиындықтар болатынын алдын ала ескертеді.

Алматы тұрғындары мен қонақтарын 20-21-сәуір күндерін алдын ала жоспарлауды және түсіністікпен қарауды сұраймыз, - дейді жарысты ұйымдастыру комитеті.

Ө. Сансызбай