«Журналистика» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтуде

«Журналистика» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтуде

15 сәуірден бері Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің XI Республикалық пәндік олимпиадасы өтіп жатыр.

Екі күнге созылған білім додасына еліміздің әр аймағынан 17 команда қатысып отыр. Пәндік олимпиаданың басты тақырыбы «Ұлы дала ұлағаты» деп аталады. Жарыстың алғашқы күнінде қатысушы студенттер таныстыру және эссе жазу бойынша бақ сынасты. Сайыс шарты негізінде қазылар алқасы өз бағасын беріп, пікір білдірді.

Ұйымдастырушылар қала қонақтарына Павлодар қаласының көрікті жерлерін аралатты. Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының мешіті, Рәміздер саябағы, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі студенттерге ерекше әсер қалдырды. Сайыс қорытындысы 16 сәуір күні белгілі болады.

А. Қажиев