Қазақстанда жаңа мереке атап өтіледі

Қазақстанда жаңа мереке атап өтіледі
Фото: Elitar.kz

11 қараша - Халықаралық энергияны үнемдеу күні. Бұл күн біздің елде де кәсіби мерекелер легін толықтырды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы қаулысына сәйкес, 11 қараша Энергия үнемдеу күні болып белгіленді.

Бұл мерекені бекіту туралы шешім 2008 жылы сәуірде Қазақстанда өткен SPARE үйлестірушілерінің халықаралық кеңесінде қабылданды. Ал 2008 жылдың қарашасында әлемде бірінші рет энергия жабдықтау күні атап өтілді. Аталмыш мереке халықаралық мәртебеге ие болды, бұл жобаға қатысуға шамамен 20-ға жуық ел ниет білдірген. Мерекенің негізгі мақсаты - ресурстар мен энегия көздерін тиімді пайдалану үшін билік пен қоғамның назарын аударту.

Атаулы мерекені атап өтетін елдер халыққа арнап энергияны үнемдеуге шақыратын түрлі іс-шаралар өткізеді.

Н. Үсенова