Елбасы: "Жастарға айтар бір сөзім бар"

Елбасы: "Жастарға айтар бір сөзім бар"
Фото: Хабар 24

2019 жыл Елбасының Жарлығымен "Жастар жылы" деп жарияланды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені Instagram парақшасына Елбасының Қазақстан жастарына арнаған ақыл-кеңесін жариялады. Мұрағаттық видеороликте Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарының қазіргі уақытта дүниежүзінің азаматына айналғанын айтты.

"Жастарға айтатын бір сөзім бар. Қазіргі өсіп келе жатқан жастар - дүниежүзінің барлық жерінде жұмыс істейтін болады. Солай ғой!? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Басқа елге барғанда, мәселен Африкаға барғанда "Мен қазақпын! Табыныңдар маған" деп өзіңнің заңыңды орнатасың ба? Қазіргі жастарымыз – дүниежүзінің азаматы болды. Жас кезден әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, оларды тыңдауға үйрену керек. Сонда бізді сыйлайтын болады", - деді Елбасы.

А. Қажиев