Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: © vchasnoua.com

Синоптиктер 19-21 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

- Орталық Азия аймағынан Қазақстанға оңтүстік циклоны жылжиды, осыған сәйкес жылу алып келеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері республиканың солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасын, батыс бағыттардан қатты жел, оңтүстік және батыс облыстарында жауын-шашын, жаңбырдың аяғы қарға ұласады, таулы аймақтарда қатты қар, тұман және көктайғақ күтіледі, - делінген хабарламада.   

Сонымен қатар, синоптиктер дүйсенбіде суық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, бірақ әліде климаттық нормадан жоғары болатынын айтады. 

Н. Үсенова