2019 жылы қазақстандықтар неше күн демалады?

2019 жылы қазақстандықтар неше күн демалады?

Қазақстан мерекесі һәм демалысы көп елдер қатарында. Биылғы күнтізбе бойынша қазақстандықтар 119 күн демалады.

Ең көп демалатын күндер - наурыз айында. Бұл айда екі бірдей мереке бар. Бірі - Халықаралық әйелдер күні болса, екіншісі -  Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы. Сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда наурызда қазақстандықтар 14 күн тынығады. Одан кейін демалысы көп ай - желтоқсан. Жыл соңында отандастарымызды 12 демалыс күні күтіп тұр.

Мамыр мен қаңтар айларында ел тұрғындары - 11 күн, маусым мен тамызда - 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада - 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда - 8 күннен демалады.

ҚР "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila