Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

Жаңа жыл жақындап қалды. Демалысқа шығып, ауыл аймаққа, демалысқа шығатын жандар үшін ауа райын білу аса маңызды.

29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында елімізде күн суытады. Сынап бағанасы -25, -30 градус, кей аймақтарда -33, -38 градус аралығында аяз болады.

2 қаңтардың кешінде шығыста температура -40 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік шығыста жауын-шашын болып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстіктің өзінде -3, -8 градус суық болады деп күтілуде. Кей аумақтарында -15, -20 градус суық болады.

Батыста Жаңа жыл кезінде қар жауады. Тұман мен көктайғақ болады. Бірақ қатты аяз болып, температура төмендемейді.

Осыған дейін Қазгидромет "Республиканың батысынан ауысып келген циклонның ықпалы солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста сақталады. Сондықтан, Жаңа жыл алдында аяздар басылып, қар жауып, бұрқасын соғады", - деп хабарлаған болатын.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар