Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?
Фото: © kartinkijane.ru

Синоптиктер 15-19  желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым облысында көктайғақ пен тұман болады.

- Республиканың батысда қар жаудыратын циклондарға байланысты белсенді бұлтты массив шығыс бағытқа қарай ығысады. Осы циклонның Қазақстан аумағы арқылы жылжуына байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, екпінді жел күтіледі, ал көктайғақ және тұман республиканың басым облыстарында сақталады. Болжанып отырған кезеңнің соңында тропосфералық ағындардың батыстан солтүстікке ауысуы және антициклонның ығысуымен байланысты республиканың басым облыстарында күн суытады, - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Н. Үсенова