Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 2018 жылдың 1-4 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

- Қыстың алғашқы күндері ызғарлы болады. Қар жауу, бұрқасын және күшті ұйтқымалы жел соғады. Республиканың басым облыстарында суық атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын болады. Ал фронттардың артынан таралатын күшті антициклон алдымен оңтүстік және оңтүстік шығыста, артынша қалған аймақтарда суық ауа райын тудырады, - делінген "Қазгидромет" РМК өкілдерінің ресми ақпарында.

Айта кетейік, ертең 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесі. Сенбі күнге сәйкес келгендіктен қазақстандықтар 3 желтоқсан күні демалады.

Н. Үсенова