Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Бас мүфти "Уақып" қорының жаңа президентімен кездесті

Бас мүфти "Уақып" қорының жаңа президентімен кездесті

Бас мүфти

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз жуырда тағайындалған "Уақып" қайырымдылық қорының жаңа президенті Қайрат Әзімовпен кездесті, - деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бас мүфти Қайрат Мұратұлын жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына игілік пен береке тіледі. Кездесуде дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін толыққанды шешу, қайырымдылық бағытында республикалық маңызды іс-шараларды бірлесе атқару, білім, ғылым, діни ағарту жолында біріккен жобаларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер талқыланды.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы 350-ден астам дін қызметкерінің "Уақып" қайырымдылық қоры есебінен арнайы стипендия алып жатқанын жеткізіп, қордың басшылық құрамына алғысын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған Қ.Әзімов еш жерден жалақы алмайтын дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін шешу бағытында оң шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Басқосу барысында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын қаржыландыруға қатысты жобалармен бөлісті. Сонымен қатар, ҚМДБ "Қажылық" қоры есебінен 100 имамға жалақы тағайындалғанын жеткізді.

Айта кетейік, еліміз бойынша 6189 дін қызметкері жұмыс істейді. Оларды толыққанды жалақымен қамтамасыз ету бағытында арнайы жобалар жүзеге асуда.

Фото: muftyat.kz
Қосылған күні: 16 қараша 2018, 16:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.