Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Бүгін Халықаралық КТК күні

Бүгін Халықаралық КТК күні

Бүгін Халықаралық КТК күні

Әзілің жарасса, атаңмен ойна. Орынды әзілдей алу үшін де адамға ұшқыр ой, білім керек. Бүгін әзілкештердің төл мерекесі. Көңілді тапқырлар клубының ойыны ең алғаш рет 1961 жылдың 8 қарашасы күні телевизияға жол тартты. Дәл осы күн КТК ойындарының туған күні деп тойланып келеді. Мерекені тойлауды бүгінгі Халықаралық КТК ойындарының президенті Александр Масляков ұсынды.

КТК ойындарының ең алғашқы жүргізушісі – Элем Климов. Бұл кісіден кейін сахнаның сол жақ бұрышына Александр Белявский, Наталья Фатеева жайғасты. КТК тарихында Альберт Аксельрод пен Светлана Жильцова сынды жүргізушілер алғаш рет дуэт болып жүргізді. 1964 жылы Аксельродтың орнына Александр Масляков келді. Осы кезеңнен бастап ол клубтың басшысы және жүргізушісі ретінде өз жұмысын бастап кетті.

1971-1986 жылдар аралығында КТК ойындары эфирден алынып тасталды. Оның себебі, клуб басшылығы КСРО Орталық телевизия басшылығымен келіспей, нәтижесінде бағдарлама жабылып қалды.

Қазақстанға бұл сала кейінірек келді. Дегенмен бүгінде толықтай жанданып, ТМД елдерінің арасында үздіктер қатарынан табылып жүр. Халықаралық байқауға Қазақстан ең алғаш рет 2000 жылы қатысты. «Казахи» атауымен құрылған топ 2012 жылға дейін Мәскеуде өнер көрсетіп, бірнеше мәрде жүлделі орынға иелік етті. Алайда, чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады. 2017 жылы Астана қаласында тұңғыш рет КТК-ның ардагер, чемпион командаларының қатысуымен Халықаралық Жазғы кубок ойыны өтті. Осы жарыста «Казахи» командасы чемпион атанды. Бұл жеңісті жолды жыл соңында Астананың «Спарта» командасы жалғап, ТМД елдерінің арасында чемпион атанды. Бұл Қазақстанның Халықаралық КТК ойындарына қатысқан 17 жылдың ішіндегі ең алғашқы жеңісі еді.

Қорытындылап айтсақ, 2017 жыл әзіл саласындағы қазақстандық командалар үшін сәтті өтті. Астарлы әзіл мен қағылтпа қалжыңның авторларын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: Nomad Insurance
Қосылған күні: 08 қараша, 16:05
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.