Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Алматының жол көрсеткішін жаса да, ақшалай сыйлық ұтып ал!

Алматының жол көрсеткішін жаса да, ақшалай сыйлық ұтып ал!

Алматының жол көрсеткішін жаса да, ақшалай сыйлық ұтып ал!

Қаланың классикасы оның тұрғындарына табыс табу мүмкіндігін береді. Танымал көрікті жерлерден бастап көпшілік жұрт біле бермейтін шолақ көшелерге дейін — Алматының сұлулығы мен атмосферасын сезінуге септігі тиетін жерлерді таңдаңыз.
 
Қалада балалармен немен айналысуға болады, қай веложолақтармен жүрген жөн, жастар қайда көңіл көтереді, қаланың түнгі көрінісін тамашалауға ең қолайлы жер қайда — осының бәрі Сіздің Алматы бойынша жасаған гайдыңызда. 
 
Білгеніңізді бөлісіңіз, жарқын әрі белсенді өмір салтына идея ұсыныңыз! 
 
Тапсырма:
Сіздің міндетіңіз — авторлық материал дайындау. Ең басты шарт — бір қарағаннан Сіз жасаған гайдты не нәрсеге қолдану керектігі түсінікті болсын. Яғни, материал бірер мазмұнмен толтырылуы тиіс. Егер қалаңыз саяхатшыға несімен қызық екенін білмесеңіз, гайдты жасау қиынға соқса, тұтас нұсқаулық жасауға асықпай, алдымен мұнда алғаш келген адам үшін не қызықты болуы мүмкін екенін анықтап көріңіз.
Байқауға қатысу үшін жасына немесе тұрғылықты мекенжайынан тыс, ешқандай шектеусіз кез келген адам қатыса алады. 2018 жылғы 9 желтоқсан күні 23:59-ға дейін өзіңіз құрастырған төл жол көрсеткішіңізді кез келген мәтін форматында (doc, docx, txt, rtf) мына электрондық поштаға жіберіңіз: pr@visitalmaty.kz
 
Өзіңіз сипаттамақ болып отырған жерлерде қызықты не бар екенін, несімен ерекше және неліктен бару керек екендігін ашып көрсетуге тырысыңыз. Жұмыс кестесі, мекенжайлары және байланыс ақпаратын көрсетуді де ұмытпаңыз: бұл Сіз үшін маңызды болмауы мүмкін, бірақ қалаға алғаш қадам басып тұрғандар бағдарын түзеуі үшін ол өте маңызды. Көрікті жерлер кем дегенде үшеу болсын әрі ең басты, өзгеше орындарды таңдаңыз.

 
Мектеп музейі немесе тастанды ғимараттар ешкімді де қызықтыра қоймас, ал қандай да бір өнер туындысына айналған жерлер, әсіресе онда сирек кездесетін экспонаттар (атын атап, түсін түстеңіз) болса, саяхатшының назарын аударатыны анық. Мәселен, көлік жуатын орындарды жазудың мүлде қажеті жоқ, ал қалғандарын қаншалықты ерекше, қала тұрғындары және қонақтар үшін қаншалықты қызықты немесе пайдалы екендігіне қарай таңдаңыз. Ондаған нысандардың аты тізілген мақалаңызды жол көрсеткіш деп атауға әлі асықпаңыз. Барлық маңызды көрікті орындар, олардың салынған уақыты, несімен және неліктен қызықты екені туралы жазған жөн. 
 
Жеңімпаздар 2018 жылғы 14 желтоқсанда жарияланады. Сыйлыққа — 100 000, 70 000 немесе 50 000 теңге!
 
Өз қалаңызға саяхатшының көзімен қарауға әрекет етіңіз. Алға!
0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 08 қараша, 16:16
Тегтер: VisitAlmaty, Алматы, ,
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.