Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Елбасы сапарларында жалпы құны 30 млрд долларлық келісімдер жасалды

Елбасы сапарларында жалпы құны 30 млрд долларлық келісімдер жасалды

Елбасы сапарларында жалпы құны 30 млрд долларлық келісімдер жасалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы шетелге жасаған сапарларының нәтижесінде жалпы құны 30 миллиард долларлық келісімдер жасалды. Бұл туралы 23 қазандағы Үкімет отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

"Елбасы 2018 жылдың басынан бері АҚШ-қа, БАӘ-ге, ҚХР-ға, Түркия мен Финляндияға жоғары деңгейдегі іс-сапарлар жасады, ал наурыз айында Орталық Азия елдерінің Президенттері Астанаға сапармен келді. Жақында Хельсинкиге және Бюрюсельде Еуропалық бизнес капитандарымен кездесулер өтті. Барлық келіссөздің нәтижесінде жалпы құны 30 миллиард АҚШ долларынан асатын 135 құжатқа қол қойылды. Сыртқы істер министрлігі Мемлекет басшысының шетелдерге жасаған сапарлары мен шет мемлекет басшыларының Қазақстанға сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізді", - деп мәлімдеді министр.

Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық дипломатияға қатысты нақты міндеттер жүктеді. Олар: инвестицияларды, технологияларды және үздік әлемдік тәжірибені тарту, белсенді сауда саясаты, шикізаттық емес экспортты қолдау, шетелде қазақстандық бизнесті ілгерілету, туризмді дамыту. Мемлекет басшысы экспортқа ыңғайланған индустриализация экономикалық саясаттың негізгі элементі болуы тиіс екендігін назарға алды. Аталған міндеттерді орындауда Сыртқы істер министрлігінің ықпалы мен үлесі жоғары екендігін айтты Қайрат Әбдірахманов.

"Трансұлттық корпорациялармен бірлескен инвестициялық жобалар туралы келісімдерге де ерекше назар аударылады. Өйткені үкіметаралық комиссиялар мен іскерлік кеңестер – екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытудың пәрменді құралы. Аталған құрылымдардың барлық әлеуетін толық іске асыру өте маңызды. Сондықтан бұл іс адамдарымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия жақын уақытта өзінің бірінші отырысын өткізеді. Бұл комиссиядағы мемлекеттік орандардың қарқынды жұмысына зор сенім артамын", - деді Қайрат Әбдірахманов.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
Қосылған күні: 23 қазан 2018, 17:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.