Қазақстан ДЭФ рейтингінде 59-орында

Қазақстан ДЭФ рейтингінде 59-орында
Фото: weforum.org

Дүниежүзілік экономикалық форум рейтінгінде Қазақстан жалпы тізімде 59-орынды иеленді. Ал "Еңбек нарығы" категориясында 30-орынға және "Бизнестің қарқындылығы" категориясында 37-орынға ие болды. Ал "Нарық көлемі" (45), "Білім және дағдылар" (57), "Тауарлар нарығы" (57), "Институттар" (61), "Макроэкономикалық тұрақтылық" (62) және "Инфрақұрылым" (69) категориялары бойынша Қазақстанның көрсеткіші орташа. Ал "Қаржылық жүйе" (100), "Денсаулық" (97) және "Инновациялық әлеует" (87) категорияларында Қазақстанның көрсеткіштері әлсіз болған.

Рейтингке барлығы 140 мемлекет қатысқан. Алғашқы үштікте АҚШ, Сингапур, Германия. Тізім соңында Чад (140 орын), Йемен (139 орын), Гаити (138 орын) мемлекеттері орналасқан.

Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингі жыл сайын жарияланып тұрады. Қаақстанның позициясы бұл рейтингте тұрақты, мысалы былтыр да Қазақстан 59-орынға ие болған еді.

Massaget.kz