Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қаңтар-қыркүйек аралығында ЖІӨ 4,1 %-ға өскен

Қаңтар-қыркүйек аралығында ЖІӨ 4,1 %-ға өскен

Қаңтар-қыркүйек аралығында ЖІӨ 4,1 %-ға өскен

16 қыркүйек күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің орындалуы баяндалды. 

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндамасына сәйкес, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан экономикасы тұрақты көрсеткішті сақтап тұр.

"2018 жылда жалпы ішкі өнім өсімі 4,1 %-ға дейін артты. Базалық салалар ішінде сауда және құрылыс саласындағы өсу қарқыны қалпына келіп,  жалпы үдеріске қомақты үлес қосты. Экономиканың жаңа импульсі ретінде инфляциялық қысымның жеңілдеуі мен инвестициялық сұраныстың артуын да атап айтсақ болады", – деді министр.

Инфляция деңгейі 5-7 % деңгейінде тұр. Қыркүйекте инфляция 0,4 %, ал жыл басынан бері 3,3 % құрады. Ал жылдық инфляция өсімі – 6,1 %.

Үкімет отырысында Тимур Сүлейменов экспорт-импортқа қатысты көрсеткіштерді де мәлімдеді. "Әлемдік тауар нарығындағы қолайлы конъюнктураға байланысты сыртқы сауда айналымы тұрақты өсу трендін сақтап отыр. Жыл басынан бергі 8 айдың ішінде өсім 21,6 % (59,8 миллиард АҚШ долларын) болды", – деді Ұлттық экономика министрі. Биыл Қазақстанның экспорты 28,2 %-ға (39,1 миллиард АҚШ долларына) өскен. Бұл мұнай экспортының 5,4 %-ға, агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің 30,1 %-ға, мұнай-газдың 30,2 %-ға, алюминийдің 24 %-ға және мыс кендері экспортының 12,5 %-ға артуы арқасында болып отыр. "Импорт 10,8 %-ға (20,8 миллиард АҚШ долларына) өсті. Өсім негізінен импортталатын инвестициялық тауарлар (машина және жабдықтар) артуынан болып отыр. Олардың өсімі 20,4 %-ды құрады. Ал қара металл мен фармацевтика өнімдерінің импорты 15,8 және 13,6 %-ға артты", - деді ведомство басшысы. Қазақстанда экспортталатын тауарлар бағасының 2018 жылдың тамызындағы есебі шілде айымен салыстырғанда 3,5 %-ға, 2017 жылдың желтоқсан айына қарағанда 13,3 %-ға артты.

Ұлттық экономика министрі Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 1,9 %-ға өскенін баяндады. "Еңбек нарығында тұрақтылық байқалып келеді, ал жалақы бір қалыпты қарқынмен өсіп келеді. Биыл 414,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. Орташа айлық жалақы – 158,2 мың теңге, жұмыссыздық деңгейі – 4,9 %", – деді министр. Демек орташа айлық жалақы 1,9 %-ға өсті.

Үкімет отырысында сондай-ақ күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі жекешелендіру мен мемлекеттік меншік объектілерін сату жұмысы талқыланды. Ол жайында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады. "Қазір жекешелендірудің кешенді жоспарындағы 887 объектісінің 524-і сауда-саттыққа шығарылып, олардың 444-і сатылды. Сату бағасы – 253 миллиард теңге. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 287 нысанды қайта ұйымдастыру және тарату кезеңінде 12 объектіні жекешелендіру объектілерінің тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылдады. Қайта ұйымдастырылатын және таратылатын объектілерді қоса есептегенде, жекешелендірудің кешенді жоспарының 84 %-ы орындалды. Биыл 257 объект сатылымға шығарылмақ. Іс жүзінде 142 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 47 объектіні қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды. Сатылымдағы объектілердің ішінен 63-і 74 миллиард теңгеге сатылды", - деді Әлихан Смайылов. Министр баяндамасын тыңдаған Үкімет басшысы белгіленген нысандарды сату кесте бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. "Алайда Қаржы министрінің баяндамасында айтылған кейбір нысандарды жекешелендірудің созылып кеткеніне министрліктер, холдингтер мен жергілікті атқарушы органдар назар аударуы керек. Нысандарды жылдам сатып, жекешелендіруді мемлекет үшін барынша тиімді жүргізу қажет. Бұл – Елбасының тікелей тапсырмасы", - деді Бақытжан Сағынтаев. Премьер-Министр бұл шаруаны өзінің орынбасары Ерболат Досаевқа тапсырды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: istockphoto.com, Primeminister.kz
Қосылған күні: 17 қазан 2018, 16:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.