Астанада Халықаралық тараптар кеңесінің сегізінші сессиясы өтті

Астанада Халықаралық тараптар кеңесінің сегізінші сессиясы өтті
Фото: mgov.kz

Мемлекет басшысы жақында ғана жарық көрген Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еңбек өнімділігі мен ауыл шаруашылық өнімін 2020 жылға дейін 2,5 есеге арттыруды тапсырған еді. Бұл жүктелген жұмыстарды іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі суармалы егіншілікті дамыту. Осыған сәйкес, Астана қаласында Шекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы ковенциясының Тараптары Кеңесінің сессиясы өтті. Сегізінші рет ұйымдастырылған шараға алғаш рет 600-ден астам сарапшы, БҰҰ-на мүше 90-ға жуық мемлекеттің министрлері, халықаралық ғылыми топтар, халықаралық ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Жиын барысында сөз сөйлеген қатысушылардың көбі баяндамаларында су ресурстарын дамыту мәселесін қозғады. Ал талқылау кезінде қатысушылар азық-түлік, энергия және экожүйелер арасындағы байланыс жүйесі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, трансшекаралық су ынтымақтастығының тиімділігі, су ресурстары, климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін ортаға салды.

Сессия барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев шекарааралық ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде жекелей өңір халқының байлығы болып есептелетін шекарааралық су ресурстары жайлы айтты. Сонымен қатар, біздің еліміз халықаралық құқық нормаларына негізделген мемлекетаралық су байланысын қалыптастыруды ұстанатынын жеткізді.

Жиын барысында Конвенцияның алдағы жұмыстарын айқындай түсетін негізгі екі құжат – «Конвенцияны жаһандық деңгейде жүзеге асыру стратегиясы» және «2019-2021 жылдарға арналған Конвенция жұмысының бағдарламасына» қол қайылды.

Айтуға тиіс ең негізгі ақпарат, 2019-2021 жылдар аралығында Конвенция бюросына Қазақстан төрағалық ететін болды. Бұл еліміздің халықаралық құқықты ұстанатын ел ретінде танылуына оң әсер етпек.

А. Қажиев