Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6-8 қазан күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы салқындайды.

- Қазақстан аумағы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікте оның үлкен бөлігінде жаңбырға алып келеді. Ал республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Фронттардың орнына келетін антициклонмен бірге ауа температурасының төмендеуі күтілуде, - деді  "Қазгидромет" мамандары.

Н. Үсенова