Алматыдағы көшпелі жиналыс Түріксіб ауданында жалғасын тапты

Алматыдағы көшпелі жиналыс Түріксіб ауданында жалғасын тапты
Фото: azan.kz

Қыркүйектің 25 жұлдызында, Алматы қаласы Түрксіб ауданы Ынтымақ мешітінде, Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының қатысуымен кезекті көшпелі жиналыс болып өтті, - деп хабарлайды Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Бұл келелі басқосуға Түрксіб ауданы мешіттерің бас имамдары, наиб имамдары, іс жүргізушілері және азаншылары қатысты.   

Көшпелі жиналысты Бас имам сөз сөйлеп, жүргізіп отырды. Бас имам өз сөзінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастасымен атқарылып жатқан игі істерге бірме-бір тоқталып, дін қызметкерлеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ дін ісін жандандыру мен діни қызметтің сапасын арттыру – әрбір мешіт қызметкерінің абыройлы міндеті мен асыл аманаты екенін ұқтырды.

Содан сөз кезегі Фирали мешітінің Бас имамы Мейрман Саттарқұлға беріледі. Ол өз баяндамсында Түрксіб ауданы мешіттерінің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ал Ар-Рахим мешітінің наиб имамы Ермолда Асхат наиб имамдардың жауапкершілік қызметі туралы өз баяндамасын жасады.

Одан кейін Орталық мешіттің бас ұстазы Талғат Сапанов аудан мешіттерінің атқарған жұмыстары бойынша сараптамалық баяндамасын оқыды.

Соңынан Бас имам Түрксіб ауданының жақсы көтсеткіштеріне оң баға беріп, кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін айтты.

Ө. Сансызбай