Қазақстанда мұнай өндірісі артады

Қазақстанда мұнай өндірісі артады
Фото: massaget.kz

Алматы қаласындағы "Атакент" көрме орталығында мұнай-газ индустриясындағы "Мұнай және Газ – KIOGE 2018" көрмесі мен конференциясы өткен еді. Конференцияда мұнай-газ саласындағы маңызды мәселелер, инновациялық ұсыныстар, "ақылды" технлогиялар, мұнай-газ процесіндегі цифрландыру және заңдағы өзгерістері талқыланады. Сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жоспары мен әлеуеті баяндалды.

"Инновация мен халықаралық серіктестік – ұрақты дамудың маңызды факторы", "Қазақстанның жаңа заңдары мұнай-газ секторы мен инвесторларға қалай әсер етеді", "Мұнай-газ саласындағы технологиялық инновациялар", "Бұрғылаудағы инновациялар мен зияткерлік зерттеменің тиімділігі", "Мұнай мен газды тасымалдау – даму перспективасына жаңа көзқарас" және "Мұнай сервисі қазақстандық индустрияның ең перспективалық бағыттарының бірі" сынды сессияларда мұнай-газ саласындағы мәселелер сөз болды. 

Конференцияға ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов те қатысты. Энергетика министрлігінің дерегі бойынша, еліміздің жалпы ішкі өнімінің 19 пайызы осы мұнай және газ секторына тиесілі екен.

Мамандар айтуынша, 2025 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндірісі жылына 104 миллион тоннаға жететін көрінеді. Сарапшылар мен инвесторлар Қашаған және Қарашығанақ кен орныдарына үміт артып отыр. Мұнда 2017 жылдың 8 айында 8 миллион тонна мұнай өндірілген. Бұл көрсеткішті көбейте түсу үшін еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын жылына 300 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ болашақта қара алтынды өңдеу көлемін арттыру да қолға алынбақ. Былтыр елімізде 86 миллион тонна қара алтын өндірілген. Ал 2018 жылдың 7 айындағы қара алтын көлемі өткен жылғы көреткішпен салыстырғанда, 6 пайызға өскен.

Massaget.kz