Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: massaget.kz

Синоптиктер 15-17 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

– Батыс Сібірден келіп жатқан суық ауа ағыны жауын-шашынсыз салқын ауа райы мен климаттық нормадан төмен температураны сақтап қалады. Дүйсенбіде республиканың шығысында жаңбыр болуы мүмкін. Ресейдің Еуропалық бөлігінен циклонның жақындауына байланысты батыс облыстарында да жаңбыр күтіледі, - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Н. Үсенова