Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Фото: Яндекс

Қыркүйекте тамыз айындағыдай ауа райы бұлтты әрі жауын-шашынды болады. Синоптиктердің айтуынша, қыркүйекте Қазақстанның кейбір өңірінде салқын болуы ықтимал.

"Арктикалық ауа массаларының әсерімен солтүстікте, шығыста және орталықта қыстың алғашқы дайындығы жүріп өтуі әбден мүмкін. Салқын ауа райы солтүстікте (1-2 қыркүйекте), орталықта (2-3 қыркүйекте), шығыста (3-4 қыркүйекте) болады, түнде 1...16 градус, кей жерлерде 3 градус суық, күндіз 8...16 градус жылылық орнайды деп күтіледі", - деді синоптиктер.

Тек батыс пен оңтүстікте күн ашық, ауа температурасы 23...30 градус болады. "Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, салқын ауа райының екі толқыны, түнгі үсік шалу мен жауын-шашынның араласуы солтүстік өңірге айдың ортасында және үшінші онкүндігінде орнайды. Қалған күндерде қысқа мерзімді жылы ауа райы болады, солтүстікте күндіз 15...25 градус, оңтүстік өңірде күндіз 23...30 градус болады", - делінген хабарламада.

Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, айдың орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында нормадан 1 градусқа жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1 градусқа төмен, қалған өңірлерде нормаға сәйкес болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын айлық нормадан аз болса, қалған аудандарда нормадан ауытқу болмайды.

tengrinews.kz

Н. Үсенова