Жаздың соңғы күнінде Қазақстанның 5 облысында күн суытады

Жаздың соңғы күнінде Қазақстанның 5 облысында күн суытады
Фото: inform.kz

Қазгидромет 31 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мұндағы ақпараттар бойынша, еліміздің бірнеше аймағында күн райы бұзылып, ауа температурасы төмендейді.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады. Кей жерлерде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ал Петропавлда ертең солтүстіктен жылдамдағы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.  Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-2 қыркүйек күндері түнде ауа райы 3°С дейін суытуы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.

1-2 қыркүйек күндері түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін күн суытады. 1-2 қыркүйек күндері түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 2-3 қыркүйек күні түнде Қарағанды облысында, 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа райы 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Астана қаласында 1-2 қыркүйек күндері топырақ беті 2 градусқа дейін тоңазуы мүмкін.

А. Қажиев