Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қазақстандық суретшінің граффитиі әлемнің үздік туындыларының қатарына енді

Қазақстандық суретшінің граффитиі әлемнің үздік туындыларының қатарына енді

Қазақстандық суретшінің граффитиі әлемнің үздік туындыларының қатарына енді

Шілденің 16-30 аралығында Астана қаласында Urban Street Art Fest көше суретшілерінің байқауы өткен еді. Осы байқаудағы суреттердің бірі жақында әлемнің үздік туындысы деп мойындалып, стрит-арт туындылары жайлы жазатын әлемдегі ең беделді басылымдардың бірі «StreetArtNews» порталында жарияланды. Бұл туралы Астана қаласы, Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.

Граффити «Сұлтандар» деп аталады. Авторы – астаналық суретші Дмитрий Левочкин. Суретшінің туындысы, 12 тамыз күні @streetartnews Instagram парақшасында да жарияланған. «StreetArtNews» – заманауи қала өнері туралы жазатын, бүкіл әлемдегі граффити туындыларын жариялап отыратын ағылшындық интернет басылым.

Туынды иесі Дмитрий Левочкиннің конкурс барысында таңдаған тақырыбы Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған. Суретші графиканы фон ретінде пайдаланып, суретті 3D форматында салған.

Тарихқа көз жүгіртсек, граффити 1920 жылдан бастау алады. Сол кезде қоғамға қатысты, билікке деген көзқарасын шығармашылық жолмен жеткізуге ұмтылған жастар тауар вагондары мен ғимарат қабырғаларына түрлі кескіндемелер сала бастаған. Суреттер халық арасына айтарлықтай тез тарап, танымал бола бастайды. 1970 жылдардың ортасына қарай граффити Батыста өнер ретінде мойындалса, Қазақстанда 1990 жылдардан бастап дамыды. Бүгінде елімізде граффити салумен айналысатын 50-ден астам топ бар. Олардың қатарына «Repas», «Тиграхауд», «Номад», «Made», т.б. топтар кіреді. Бұл топ мүшелері өз аттарын жазып кеткен жазуларды көшеден көптеп кездестіреміз.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: facebook.com
Қосылған күні: 13 тамыз 2018, 15:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.