Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: motip.rs

"Қазгидромет" РМК демалыс күндеріне (4-5 тамыз) арналған ауа райы болжамын хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, демалыста еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.

- Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы болады. Кей жерлерде күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, солтүстікте екпінді жел соғады. Температураның негізгі фоны -  25-30 градус, оңтүстік және батыста - 33-38 градус күтіледі. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында жылудың кезекті толқыны болады. Ал 5 тамыздан бастап температура 25-32 градусқа дейін көтеріледі", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Н. Үсенова