Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандықтар тамыз айында сенбі-жексенбіні есепке алғанда 10 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға түседі. Ал 30 тамыз Конституция күні бейсенбіге түсіп тұр. Үкіметтің қаулысына сәйкес, демалыс күні 25 тамыздан 31 тамызға жұма күнге ауыстырылады.

Осылайша бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады. 30 тамыздан бастап 2 қыркүйекке дейін, 3 қыркүйек - жұмыс күні.

Н. Үсенова