Ең үздік сержанттар анықталды

Ең үздік сержанттар анықталды
Фото: mod.gov.kz

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының үздік сержанттарын анықтау үшін 28738 әскери бөлімінде әскери қызметкерлер арасында байқау болды.

Атаулы шараның негізгі мақсаты – әскери қызметкерлердің озық тәжірибесі мен жетістіктерін насихаттай отырып жас сержанттардың дайындығын пысықтау. Байқау барысында қатысушылар атыс, әскери-медициналық дайындық, РХБ қорғау бойынша арнайы тапсырмаларды орындады. Дене даярлығы, әскери топографияны білу, әскери техниканы жүргізу сынақтары да ұйымдастырылды.

Жарыстың жалпы нәтижесі бойынша, 27943 әскери бөлімінің сержанты Болат Құдабеков бригаданың үздік сержанты атағына ие болды. Ал батальонның үздік сержанты атағы 28738 әскери бөлімінің сержанты Қайырбек Сағымбековке бұйырды. 54770 әскери бөлімінің сержанты Думан Омаров үздік рота сержанты атанды. 30217 әскери бөлімінің аға сержанты Дастан Төлеулин үздік сержант атанса, 27943 әскери бөлімінің сержанты Амангелді Сарсалиев үздік бөлімше командирі деп танылды.

А. Қажиев