Атырау тұрғыны үйінің ауласынан әскери жарылғыш граната тауып алды

Атырау тұрғыны үйінің ауласынан әскери жарылғыш граната тауып алды
Фото: inform.kz

Атырау қаласының жергілікті тұрғыны жер қазып жатып кенет әскери граната тауып алған. "Ф-1" жарылғыш аппараты тоттанған күйінде сақталған.

Бұл жайында Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 13 шілде күні кешкі сағат 21:30 шамасында орын алған. Атыраудағы Морозов көшесінде орналасқан жекеменшік үйдің иесі жер қазып жатып қауіпті жарылғышты тапты.

«Арнайы іс-шаралар барысында тот басқан «Ф1» қол гранатасы екені анықталды. Саперлер оны полигонға апарып, жару арқылы жойып жіберді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

А. Қажиев