Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / "Астана бизнес кампус" стратегиялық жобасы

"Астана бизнес кампус" стратегиялық жобасы

Елбасы бастамасымен жүзеге асқан “Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам” бағдарламасының жүйелік қызметі тек қысқа мерзімге емес, бірнеше жылдарға арналған стратегиялық жобаларды қамтыған. Әр 100 қадам нақты шегіне, межеге толық жетсе де кейбір жоспарлар механизмдік деңгейде жұмыс істе бермек. Мысалы 63-қадам: “Ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту. Назарбаев университетте “Астана бизнес кампуста” ғылыми орталықтары мен зертханалар орналастырылады. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады. 

“Астана бизнес кампус” – межелі жоба емес, стратегиялық құрылым. Назарбаев университетінің инновациялар жөніндегі вице-президенті Қанат Байғарин “Астана бизнес капустың” стратегиялық қырларын былай түсіндіреді: “Бүгінгі таңда постиндустриялық әлемде өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің қосылған құн өндірісіне материалдық ресурстар емес, идеялар, технологиялар, бренд, команда, өткізудің стандарттан тыс жолдары және сатып алушыдан кері байланысты алудың жаңа әдістері зор үлес қосуда. Стартап мәдениеті – бұл қолөнердің жаңғыртылған түрі, ол шығармашылық әрі зияткерлік қабілеттері бар кез келген тұлғаға құндылықтарды жасауға мүмкіндік береді. 

Алайда тіпті ең үздік идеяның өзіне қолдау талап етіледі. Жаңа, озық идеяларды алға жылжытумен және іске асырумен айналысатындар үшін шығармашылық, зияткерлік-ынталы, техникалық тұрғыда жабдықталған және оның күш-жігерін қолдайтын ортада, қызметтің алуан түрлі салаларындағы пікірлес адамдармен бірге жұмыс істеген өте маңызды. 

Идея қарапайым – шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылымды қажет ететін шағын және орта бизнес, венчурлық қорлар - ғалымдар, бизнесмендер, студенттер, өнертапқыштардың - уақытты озып әрекет ететін барлық адамдардың басын бір жерге тоғыстыру және олардың армандарын іс жүзінде іске асыру. Инновациялық ортаны дамыту үшін Astana Business Campus-та коммерцияландыру кеңсесі, бизнес инкубатор, технопарк, зерттеу орталықтары және Назарбаев Университеті мектептері қызмет етеді”. 

Демек, қандай да бір деңгейдегі инновациялық жоба, ресурс, идеялар, технологиялар бір орталыққа шоғырланып, жаңа ортада, жан-жақты қамтылған кампуста дамуға мүмкіндік алады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: businesscampus.kz
Қосылған күні: 05 маусым 2018, 13:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.