Бітімгершілерді БҰҰ-ның миссиясына жолдау жайлы шешім қабылданды

Бітімгершілерді БҰҰ-ның миссиясына жолдау жайлы шешім қабылданды
Фото: mod.gov.kz

15 маусым күні ҚР Қорғаныс министрінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының кеңейтілген отырысы өтті. 

Жиын барысында БҰҰ-ның 5 миссиясына атсалысатын 40 адамға дейін әскери бақылаушылар мен штабтық офицерлердің санын ұлғайту мәселесі қаралды. Бұдан бөлек, отырыс барысында бітімгершілік ротаны үнді контингенті сапында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына жолдау жөнінде шешім қабылданды. Бұл миссияны құрудағы негізгі мақсат: Ливанның оңтүстік аумағынан Израиль әскерлерін шығаруды растау, еліміздің оңтүстік аудандарында өрістетуде Ливан үкіметіне көмек көрсету, сонымен қатар азаматтық халыққа ізгілік қолжетімділікті және алмастырылған адамдардың қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету. 

Естеріңізге сала кетейік, Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері (UNIFIL - ЮНИФИЛ) 1978 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамаларымен бекітілген және БҰҰ-ның анағұрлым ұзақ бітімгершілік операцияларының бірі болып табылады.

А. Қажиев