Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Мобильдік телефон арқылы бала құжаттарына тапсырыс беруге болады

Мобильдік телефон арқылы бала құжаттарына тапсырыс беруге болады

Мобильдік телефон арқылы бала құжаттарына тапсырыс беруге болады

Жарты жыл бұрын елімізде «Баланың тууы» қызметі белсенді форматта іске қосылғанының арқасында баланың тууын тіркеу, ЖСН мен куәлігін алу, айыппұлды рәсімдеу және балабақша кезегіне қою перзентханада жатқан нәрестенің анасына телефоннан SMS-хабарламаны жіберу арқылы қолжетімді болды. Осы қызмет іске қосылғанынан кейін, онымен ХҚКО-на бармай немесе eGov.kz порталына кірмей барлық Қазақстан бойынша 65 374 ана пайдаланды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен өткізілген ақпараттық жүйелерді итеграциялау арқасында балалардың тууын тіркеу жөніндегі өтініштер автоматты түрде қабылданады. Бүгін белсенді қызметті алу үшін eGov.kz порталындағы Жеке кабинетке өз мобильдік телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекіту жеткілікті, қалған әрекеттерді жүйенің өзі жүзеге асырады. Осы қызмет іске қосылғаннан кейін, онымен 121 230 ана бала тууы жөнінде құттықтау SMS-хабарламасын қабылдады. SMS арқылы жеке деректерді жібергеннен кейін ХҚКО-дан дайын куәлікті алуға немесе оны үйге жіберуге тапсырыс беруге болады» – деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов түсініктеме берді. Бұл қалай іске асырылады?

Нәресте туған сәттен кейін перзентханада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің электрондық базасына туу туралы факт енгізіледі. Бұдан кейін, eGov.kz Жеке кабинетінде мобильдік телефон нөмірі ЖСН-не бекітілген ата-анаға автоматты түрде құттықтау SMS-хабарламасы жіберіледі және баланың туылуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу ұсынылады. Ата-ана SMS-хабарламасына жауап ретінде баланың толық аты-жөнін жібереді және дайын туу туралы куәілікті қай жерден ала алатыны туралы мекенжай көрсетілген хабарлама алады.

Сондай-ақ, SMS арқылы шот нөмірін сұрайды және бір уақытта жәрдемақы тағайындау үшін өтініш автоматты түрде рәсімделеді. Соңында, SMS-жауаптар жіберу кезінде баланы балабақша кезегіне рәсімделу болып табылады.

Анықтама: 2017 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2018 жылғы 31 мамыр аралығында белсенді тәсілімен баланың тууын тіркеуге 36 826 өтініш, жәрдемақы тағаындауға 8 208 өтінім, баланы балабақша кезегіне қоюға 11 809 өтінім жіберілді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: tengrınews.kz
Қосылған күні: 04 маусым 2018, 13:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.