Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері

15 мамыр күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімшілігінің Тілдерді дамыту басқармасында "Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері" атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Мәжіліс тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және басқарманың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. 

Конференцияға қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, тілші ғалымдар, білім, ғылым мекемелерінің мамандары, докторанттар, магистранттар, мемлекеттік органдардың тіл мәселесіне жауапты қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысып, бірқатар мамандар баяндама жасады. 

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымда­рының докторы, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әлімхан Жүнісбек «Жаңа латын әліпбиінің сингормонологиялық талданымы» тақырыбында ғылыми пайым жасап, ұсыныстарын айтты. Ол әліпбидегі қазіргі и, й әріптерінің «І,і» деп бір-ақ әріппен таңбалануын қолданыстан алып тастауды ұсынды. Сондай-ақ бұған дейін түсініксіздік тудырған ы, і, ш, у әріптерінің таңба­лану мәселесін кеңінен талқылады. «Латын әліпбиі аз дыбыспен, түсінікті, нақты таңбаланғаны жөн. Ең басты мәселе – қазақ тілінің ұлттық тұрқы сақталуы қажет» деген ғалым жаңа әліпбидің жетілдіретін, талдайтын тұстарына кеңінен тоқталды. 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс тобының мүшесі Бағдан Момынова: "Гибрид сөздер: тарихы мен қазіргі кездегі орфограммалануы" атты баяндама жасады: "Кез келген тілдің болашағы үш факторға тәуелді. Біріншісі – мәдени құндылық. Тіл мәдениеттің бәйтерегіне айналғанда ғана дами алады, өркендей алады. Екіншісі – әлеуметтік қор, яғни тілді тұтынатын халық. Үшіншісі – саяси биліктің тіл мәселесіне ықпал етуі. Тілдің бұқаралық сипатта етек жайып одан әрі дамуына билік бекітетін реформалар әсер етеді. Аталған үш фактор қазір қазақ тілінде бар, қай-қайсы да біздің жағдайымызға сай келіп тұр". Ғалым тілдің даму жолдарының қыр-сырын аша келе, тіл тарихынан біршама дерек келтіріп, қазақ тілінің сингармонизм, емле, гибрид сөздердің қазіргі уақыттағы орфографиясының латын қарпіне ыңғайын сөз етті. 

Конференцияда мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт "Латын қарпіне өтудің төте жолы" тақырыбында баяндама жасады. Ғалым пікірінше, қазіргі латын графикасын қабылдауда ескерілетін маңызды мәселенің бірі – терминология. Қазір тіліміздегі көп терминдер түпнұсқадан қаз-қалпында еніп жүр екен. Ал оның төте жолы – терминдер мен кірме сөздерді қазақ тілінің икемділігіне сай біртіндеп транслитерациялау. 

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің профессоры Фаузия Оразбаева латын графикасын қабылдаудың педагогикалық, әдіснамалық қырларына тоқталды: "Латынға өтудің әдіснамасы жүйелі түрде іске асуы тиіс. Жүйе бойынша, үш түрлі кезеңнен өтуіміз керек: дайындық кезеңі, эксперименттік кезең, дәрістік кезең. Аталған кезеңдер өз уақытында, жаппай орындалса, жаңа әліпбиге бейімделуіміз тез әрі сапалы болмақ. Оны оқыту әдістемесіне келер болсақ, бірінші оқушыларға арналған жеке әдістеме болуы тиіс және оқытушыларға арналған бөлек әдістеме керек". 

Конференция соңында жиынға қатысушылар латын қарпіне қатысты өзге де әлеуметтік мәселелерді талқыға салды.

Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 16 мамыр, 10:19
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.