Tengrinews.kz Android мобильді қосымшасына өзгеріс енгізді

Tengrinews.kz Android мобильді қосымшасына өзгеріс енгізді
Фото: tengrinews.kz

Бұрындары қосымшада жаңалықтардың тілін өзгерту үшін төрт қадам жасау керек болатын. Қазіргі уақытта Android базасындағы құрылғылардың мобильді қосымшасында бір ғана қадаммен өту мүмкіндігі пайда болды. Алдағы уақытта бұл мүмкіндік IOS операциялық жүйесіндегі гаджеттерде де пайда болады.

Ақпараттық сайттың қазақша нұсқасы 2014 жылдан бері қазақ тілді аудиторияға сапалы да өзекті контент ұсынып келеді. Порталдың орысша нұсқасындай барлық айдар қамтылған, яғни оқырман өзіне қажетті саладағы кез келген тақырыпта мәліметті таба алады. Сонымен қатар, журналистердің ұсынған эксклюзив және сараптамалық материалдарын да осы сайттан таба аласыз. 

GoogleAnalytics мәліметіне сәйкес, сайтқа күніне орта есеппен 10 мыңнан аса адам кіреді. Наурыз айынан бастап сайттың орысша нұсқасындағы жаңалықтар тізілімінде қазақ тіліндегі жаңалықтар да шыға бастады. Әлеуметтік желілерде порталдың қазақша нұсқасындағы ресми парақшалары бар. Facebook – 18 мың қолданушы жазылған, ВКонтакте – 38 мың,  Instagram – 93 мың, Twitter – 3120. 

Tengrinews.kz Android базасындағы мобильді қосымшасын мына жерден жүктей аласыз.

Г. Берік