Алматы тұрғындарының саны 1,8 миллион адамнан асты

Алматы тұрғындарының саны 1,8 миллион адамнан асты
Фото: massaget.kz

Халық саны бойынша Алматы қаласы Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейінгі орында тұр. Бұл туралы Статистика департаменті хабарлады.

"Қалада халықтың өсімі өткен жылы 50 мың адамнан асқан. Миграциялық өсім 7 пайызды көрсетуде. Алматы инвестиция бойынша да тартымды қала. Өткен жылы негізгі капиталға тартылған қаржы көлемі 640 миллиард теңгені құраса, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артық", - делінген жарияланымда.

Құрылыс нарығы да қарыштап дамып келеді. 2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3 пайызға артып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына сеп болды. Жұмыссыздар көлемі әзірге 50 мың адамды құраса, өзін-өзі қамтығандар шамамен 70 мыңға жеткен. "Ел көлемінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көбі ауыл шаруашылығы дамыған өңірлерде. Ал Алматыда ауыл шаруашылығының үлесі аздау. Негізгі сала жалданып жұмыс істеушілерге тиесілі, 92 пайызды құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 7,7 пайызға тең", - деді Алматы қаласы статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов.

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік