Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде жер сілкінді
Фото: google.kz

Ақтаудан 435 шақырым қашықтықта Каспий теңізінде жер сілкінді, деп хабарлады Lada.kz.

Порталдың хабарлауынша, магнитудасы 3,2 балға тең жер сілкінісі Каспий акваториясында 16 наурызда жергілікті уақытпен сағат 05.12-де тіркелген.

"Бұл туралы әлемдегі жер сілкінісі бойынша есеп жүргізетін тәуелсіз сайт хабарлады", - делінген жарияланымда. Гипоцентр координаталары - 39°43′48″ солтүстік ендік, 52°1′48″ шығыс бойлық.

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік