Алакөлге енді пойызбен баруға болады

Алакөлге енді пойызбен баруға болады
Фото: Life.ru

Ағымдағы жылы Өскемен мен Семей қалаларынан Жалаңашкөл станциясына дейін теміржол қатынасы жолға қойылмақ. Сонымен бірге облыстық бюджет есебінен жоғарыда көрсетілген теміржол бекетінен Қабанбай ауылына дейінгі (Алакөл көлі) автокөлік жолының жөндеуі аяқталады.

«Алакөл көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жалғасын табады. Біз туристік инфрақұрылымды кеңейту әрі жақсарту міндетін қойып отырмыз. Соңғы екі жылда жалпы сомасы 4,3 млрд. теңге болатын негізгі туристік бағыттар бойынша автокөлік жолдары жөндеуден өтті. Сонымен қатар,  Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірінің және Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие кесенесінің маңындағы туристік инфрақұрылым жақсартылды», — деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есепті кездесуі барысында.

kaz.altaynews.kz

М. Ақан