Астанадан қалай пәтер ұтып алуға болады?

Астанадан қалай пәтер ұтып алуға болады?
Фото: bi-group.org

Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу деңгейінде ұтыс шарасы өтті. Бұл шараға 2017 жылы 20 қараша мен 2018 жылы 31 қаңтар аралығында BI Group компаниясынан үй сатып алған 2000 қазақстандық қатысты.

Оған қоса «7Я» тұрғын үй кешенінен 1 бөлмелі пәтер, Hyundai Accent автокөлігі, 1 миллион теңгеге саяхат және 100 бағалы сыйлық ұтып алуға ниетті қатысушылар да болды. 

BI Development қаржы басқармасының төрағасы Қайрат Шаяхметов жүлдегерлерді құттықтап, «Осы залда отырғандардың бәрі бақытты. Себебі, барлығы баспаналы болды, яғни тұтас отбасы – бір шаңырақ астында», – деді. 

Ұтыс жүлдегері Күлман Қасаинова сахнаға шығып, қуанышын жасыра алмай: «Маған бүгін кір жуғыш машина бұйырыпты, әрине, пәтер ұтқым-ақ келген, бірақ жаңа үйге тұрмыстық техника да керек. Енді пәтер ұтып алуға міндетті түрде келемін!» – деді. 

Басты үш сыйлықтың жеңімпаздарын хабарлаған сәтте зал түгел толқу үстінде болды.

Келген қонақтардың бірі Тамара Дауылбекова турсаяхаттың иегері атанып: «Астанаға Қарағандыдан үйіме жөндеу жұмыстарын жасауға келіп едім, бұл шараға үлгермеймін деп ойладым, ал миллион теңгелік саяхат ұтып аламын деген ой мүлдем есіме келмепті. Енді қызым екеуміз Доминикан аралдарына сапарға аттанамыз. Барлығы да осындай сәтті сыйлықтар ұтып алуына тілектеспін!» деді. 

Ал екінші сыйлықтың иегері Анна Адайкина: «Бақыт әкелген» пәтердің иесі қазір Ирландияда, мен оның кіндік шешесімін әрі сенімді өкілімін. Ұтысқа келе жатып оның ұлымен сөйлесіп, «тағы бір пәтер ұтсақ» деп едім, ол «жоқ, көлік ұтамыз, сезіп тұрмын» деген еді. Айтқаны айдай келді!» – деді қуанышын бөлісіп. 

Ата-ана болуға дайындалып жүрген Азамат пен Сәния Жұрұнтаевтар үшін бұл кеш естен кетпейтіні белгілі. Себебі олар бас жүлдені ұтты: «Алғашқы үш сан хабарланғанда біздің билет нөмірімен сәйкес келіп жатты, біз жолдасым екеуміз көзімізді тарс жұмып, орнымызда қатып қалдық. Соңғы «7» санын естігенде, бақыттан айқайлап жібердік. Біз әу бастан осы жүлдеге қатты үміттеніп едік! Лоторея билетімен ішімді сипап, баламыз үшін үй тіледім, міне, бұл жеңістің құпиясы осында секілді. Тілегім орындалды!», – деді болашақ жас ана. 

BI Group компаниясы өз тұтынушыларына осындай науқандар ұйымдастырып отырады, ww.bi-group.org сайтында қызықты жаңалықтардан құр қалмаңыз.

Г. Берік