Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Baribar.kz

Синоптиктер 2017 жылдың 17-19 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар әлі де болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мамандардың айтуынша, алдағы 3 тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен болады екен.

Н. Үсенова